Шымкентте 60 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінген әйел іздестіріліп жатыр

Сурет: polisia.kz
Шымкент полицейлері бес азаматты 60 миллион теңге алаяқтықпен алдады деп күдікке ілінген Азиза Мыңбаеваны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 1963 жылы туған Азиза Мыңбаева ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша күдікке ілінді.

"Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген", – дейді шымкенттік полицейлер.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Сурет: polisia.kz

Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдарды "102" арнасына немесе көрсетілген нөмірлер бойынша хабарлауды сұраймыз (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстанда жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы