Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды

Сурет: pexels
Ақтөбенің 8-шағынауданындағы көпқабатты үйде көршілер жағымсыз иіс сезіп, полицияға жүгінген. Полицейлер пәтерді ашып, екі мәйітті тапты. Қазір олардың неден өлгенін анықтап жатыр. Сараптама жасалып жатыр.
"23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды", - делінген Ақтөбе облысы полициясының Диапазонға берген хабарламасында.

Анықталғандай, пәтер иесі мұғалім болып жұмыс істейді. Ол - науқас, жалғыз тұрады. Ал баласы арасында келіп тұратын болған.


"Шыбын көбейе бастады. Өте жаман иіс шықты. Сосын полиция шақырдық. Олар келіп, бәрін қоршады. Денелерді алып кетті", - деді тұрғындар.

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алған көрінеді. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді