Астанада 31 тамыздан бастап екі жаңа автобус бағыты қосылады

Сурет: pixabay
Астана әкімдігі 31 тамыз күні №49 және №57 автобустың жаңа бағыттары іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

№ 49 жаңа бағдары Көктал-2 мен Ұлы дала даңғылы бағытында қатынайды және Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, "Көктал" саябағын Жағалау елді мекенін байланыстырады. Сонымен қатар Ш.Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартып, "Dastur", "Home Land", "Athletic city" ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.

Бағдар бойынша 12-15 минут арақашықтықпен 10 автобус жүреді.

№57 бағдар "Төле би көшесі" – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы" қатынасымен Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, А.Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға №92 мектеп пен Айнакөл көшесі, "Хабар" ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ы.Алтынсарин атындағы Бином мектебіне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, №40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді.

Астана әкімдігі бұл бағдарлардың қозғалыс сызбасы желі учаскелеріндегі қолданыстағы қажетті ескере отырып әзірленгенін айтты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды