Оқиға орнына жеке құрамнан бір қызметкер барған.
"Тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 жылы және 2020 жылы туған екі бал қаза болды". Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Мамандар газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
2023 жылғы жазда Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланды. 2023 жылғы 30 шілде күні орталықтағы екі бала құсып, өзін нашар сезінген. Осы мекемедегі тағы 10 бала 31 шілдеде осындай белгілермен ауруханаға жатқызылды, екі бала қайтыс болды.