Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Көшпелі диагностика, Алматы, диабетпен күрес, көз, тегін тексеру , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 15:43 Сурет: Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне орай пациенттер мен дәрігерлерге көру қабілетін тексеру және білім беру шараларын тегін ұйымдастырды. Акциялар институтта және мобильді диагностикалық орталықта өтті. Толығырақ Zakon.kz сайтындағы материалда

Қант диабеті – салдары зат алмасудың бұзылуынан да күрделі ауру. Өкінішке қарай, мұндайда көру қабілетіне де қауіп төнуі мүмкін. Аурудың қатты асқынуы кезіндегі салдардың бірі – көздің тор қабығындағы қан тамырлары зақымданатын диабетикалық ретинопатия.

Оның қауіптілігі сол, ол ұзақ уақыт бойы байқалмай дамып, көру жүйесіне біртіндеп зиян келтіреді. Уақтылы диагностика мен ем-шара жасалмаса, бұл үдеріс көру қабілетінен айыруға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан қант диабетіне шалдыққан науқастарға шағымдары болмаса да офтальмологта болып, жүйелі түрде тексерістен өтіп отыру қажет.

Көшпелі диагностика, Алматы, диабетпен күрес, көз, тегін тексеру , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 15:43

Сурет: Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

Көшпелі тегін диагностика

2026 жылғы 13 қарашада Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының мобильді диагностикалық орталығы Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының аумағында қызмет көрсетті.

Акция аясында барлық ниет танытушы жан көзінің жағдайын тегін тексертіп, мамандардан көз мүшелері ауруларының алдын алу және әрі қарай бақылауға қатысты жеке ұсыныстар ала алды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға ерекше назар аударылды, олар да тегін офтальмологиялық тексеруден өте алды. Бір күннің ішінде мамандар 200-ден астам пациентті қарады.

Офтальмологияның заманауи технологиялары клиникалар шеңберінен шығып, медициналық көмекке ерекше мұқтаж жандарға жақындай түсуде. Мобильді офтальмологиялық орталық – Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген арнайы жабдықталған медициналық кешен. Заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған бұл орталық стационарлық медициналық мекемеге бармай-ақ, тікелей қажетті орында болып толыққанды офтальмологиялық тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Мұндай форматтың арқасында мамандандырылған диагностика халықтың қалың тобына, оның ішінде шалғай елдімекендердің тұрғындарына, қарттарға және түрлі себептермен бейінді клиникаға өз бетінше жете алмайтындар үшін қолжетімді бола түсуде.

Семинар, Алматы, көз, қант диабеті, тегін тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 15:43

Сурет: Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

Ашық есік күндері және оқыту бағдарламасы

Сонымен қатар, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қалалық емханалардан жолданған қант диабетімен ауыратын пациенттер үшін ашық есік күндері өтті.

Акцияның мақсаты - тек диагностика ғана емес, пациенттердің өмір сүру сапасына әсер ете алатын асқынулардың алдын алу. Келушілер тегін офтальмологиялық тексеруден өтіп, бейінді мамандардың, соның ішінде эндокринологтың да кеңесін ала алды.

Басты міндет – қант диабетімен байланысты тор қабықтағы ықтимал өзгерістерді және басқа да көру қабілетінің бұзылуларын ертерек анықтау, сондай-ақ пациенттерге әрі қарай бақылау стратегиясын құруға және көз саулығын сақтауға көмектесу.

Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде білім беру блогын атауға болады. Институтта "Диабет мектебі" ұйымдастырылып, онда пациенттер ауру туралы, оның көру қабілетіне әсері және асқынулардың алдын алу жолдары туралы көбірек біле алды. Сонымен қатар, офтальмолог және эндокринолог дәрігерлер үшін ғылыми-практикалық семинар өтіп, мамандарды диабеттік көз зақымдануларын диагностика арқылы ерте анықтау, емдеу және алдын алу тәсілдерін жетілдіру сияқты бір маңызды міндеттің талқысы төңірегіне біріктірді.

Акцияның білім беру бағдарламасы пациенттерге өз ауруын жақсырақ түсінуге және оның салдарын болдырмауға көмектесуге бағытталған. "Диабет мектебі" аясында мамандар қант диабетінің даму себептері, оның негізгі белгілері, заманауи емдеу әдістері мен ықтимал асқынулар турасын түсінікті түрде айтып берді. Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы тор қабықтағы қан тамырларына қалай әсер ететініне, аурудың ағымын үнемі бақылауда ұстау және көру қабілетін жүйелі түрде тексеруді кейінге қалдырмау не үшін маңызды екендігіне де ерекше назар аударылды.

Офтальмология және эндокринология саласындағы мамандарды біріктірген ғылыми-практикалық семинар да маңызды оқиға болды. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас эндокринологы Лаура Даниярова қатысты. Кәсіби диалог салааралық өзара іс-қимыл және қант диабетінің асқынуларының алдын алу мен оларды ерте анықтау тәсілдерін жетілдіру мәселелеріне арналды.

Бұл шара пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде салааралық өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ қант диабетінің офтальмологиялық асқынуларын ерте диагностикалау, алдын алу және емдеу мәселелерін талқылау үшін екі бағыттағы мамандардың басын қосты.

Көшпелі диагностика, Алматы, диабетпен күрес, көз, тегін тексеру , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 15:43

Сурет: Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

Неліктен көру қабілетін тексертіп отыру маңызды?

Мамандардың айтуынша, қант диабетіне күдікті офтальмолог қабылдауында болғанда-ақ байқауға болады, ал тор қабықтағы диабеттік өзгерістерді уақтылы анықтау көрудің ауыр бұзылыстары дамығанға дейін қажетті ем-шараны бастауға мүмкіндік береді.

Диабетті ерте анықтау қатерлі асқынулардың, соның ішінде көру қабілетінен айырылудың алдын алуға көмектеседі.

Екінші типті қант диабеті диагноз қойылған сәттен бастап көзді жан-жақты тексеруді бастау ұсынылады, өйткені тор қабықтағы өзгерістер ауру анықталмай тұрып та пайда болуы мүмкін. Кейіннен қаралу жиілігін офтальмолог пациенттің жағдайын ескере отырып белгілейді.

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты атап көрсеткендей, жүйелі диагностика, қандағы глюкоза деңгейін бақылау және эндокринолог пен офтальмологтың бірлескен бақылауы көру қабілетін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Мұндай бастамалардың басты құндылығы – асқынулардың ауыр салдарға әкеліп соқпасы үшін алдын алу мүмкіндігі. Көшпелі диагностика мен білім беру бағдарламаларының арқасында мамандандырылған офтальмологиялық көмек қолжетімді бола түседі, ал пациенттер қант диабетімен байланысты көру бұзылыстарын уақтылы анықтап, олардың алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік алады. Тұрақты түрде тексерістен өту мәдениетін және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру да сондай маңызды. Өйткені көру қабілетін сақтау – бұл тек уақтылы ем қабылдау мәселесі ғана емес, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы өмір сүру сапасын, дербестікті және қалыпты белсенділікті сақтап қалу мүмкіндігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: