"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Іс-шара, Заң мен тәртіп, Орал, есірткіге қарсы күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 22:07 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Орал қаласында "Заң мен тәртіп" идеологемасы аясында "Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық" тақырыбында ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға 400-ден астам батысқазақстандықтар қатысып, есірткіге қарсы күрес пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдады.

Іс-шара, Заң мен тәртіп, Орал, есірткіге қарсы күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 22:07

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шараға "Орал студенттер Альянсы" корпоративтік қоры, "Жастар Рухы" жастар қанаты, Батыс Қазақстан облысының Оқушылар альянсы және "Есірткісіз Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысының өкілдері белсенді қатысты.

Іс-шара, Заң мен тәртіп, Орал, есірткіге қарсы күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 22:07

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Кеш барысында есірткі қылмысының алдын алу бағытында нәтижелі еңбек етіп жүрген волонтерлер марапатталып, жастар қоғамды жауапкершілікке, саналы өмір салтына және дұрыс таңдау жасауға үндейтін ұрандарын жолдады.

Марапаттау, Заң мен тәртіп, Орал, есірткіге қарсы күрес  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 22:07

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шараның арнайы қонақтары BIGBAN & Tuniya өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кештің көркін қыздырды.

Іс-шара, Заң мен тәртіп, Орал, есірткіге қарсы күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 22:07

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: