Батыс Қазақстан облысында 6 адам көлік апатынан қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара- Шымкент жолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 6 адам қаза тапты.

Олардың екеуі - 34 және 33 жастағы ересек адамдар. Қалғаны 11, 12, 5, 1 жасар кәмелетке толмаған балалар еді.

Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі де зардап шеккен.


"Оқиға орнында толық мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді