40 адамды алдаған: қаржы пирамидасын құрушылар бес жылға сотталды

Сурет: freepik
Ақмола облысының екі тұрғыны Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың сәуіріне дейін қаржы пирамидасына 40 азаматтың 39 миллион теңгеден астам қаржысы тартылған.

"Әлеуметтік желілерде олар мол табыс табу, саяхаттау және көлік сатып алу жөніндегі ақпаратты белсенді түрде жарнамалап, тұсаукесер, тренингтер өткізіп, азаматтарды компанияға тартып, азық-түлік өнімдерін, тауарларды, жол жүру карталарын сатумен айналысып, азаматтарға бонустар ұсынған. Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, оңай жолмен ақша табуға ұмтылуы оларды қарыздану, несие, бөліп төлеуге итермеледі", – делінген Көкшетау қалалық сотының хабарламасында.

Сот барысында қылмыскерлер қаржы пирамидасына салған қаржыны азаматтарға қайтарды.

Олар ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр