Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілді.
"Азаматтардың теміржол жол жарақатын алуларының негізгі себептері – олардың тиісті жабдықталған өткелдерді пайдаланғысы келмеуінен, жазатайым оқиғалардың көпшілігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамаудан орын алады, – дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Ол азаматтарды теміржол арқылы рұқсат етілген өткелдерді пайдалануға және өз қауіпсіздіктері үшін ережелерді қатаң сақтауға шақырды.
Сондай-ақ белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін 20 819 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Мәселен, өткен демалыс күндері төрт адам пойыздың астына түсіп кете жаздады. Бұл фактілер Астана, Орал, Шу және Қызылорда станцияларында тіркелді. Бір қуанарлығы, барлық жағдайда машинистер теміржол құрамын тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігі (Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деді ведомство басшысы.
Малыбаевтың айтуынша, осы жылдың 9 айында еліміз бойынша пойыздарды шұғыл тежеудің 1381 фактісі тіркелген, оның ішінде адамдардың болуына байланысты - 305, темір жол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты - 902 жағдайы анықталды.