Қаржылық монитринг агенттігінің 19 қазан күні мәлімдеуінше, "Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне өтті.
"Оның өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бұған қоса ведомство өкілдерінің хабарлауынша, құны 9 млрд теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамға тең.
"Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
2023 жылғы 16 қазан күні Қаржылық мониторинг агенттігі Қ. Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер бергенін хабарлады.
Бұдан бөлек ол шетелден қайтарылған 66 миллион доллардан астам қаржыны мемлекетке қайтарды.
Ал 18 қазан күні кәспкердің жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан "Алмалы" сауда орталығының ғимараты, жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын Unity Hall ЖШС мемлекет меншігіне өткені белгілі болды. "Алматы Тауэрс" бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Оның "Fitnation" фитнес клубтар желісі де мемлекет меншігіне өтті.