10 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға ұшып кетті. Тәжірибелі, көрген-түйгені көп, жақсы жабдықталған отрядты ҚР ТЖМ-ның Алматы қаласындағы Республикалық жедел-құтқару жасағының бастығы, халықаралық дәрежедегі құтқарушы Владимир Цой басқарды. Ол өздерімен алып барған кейбір құрал-сайманның жарамсыз болып шыққанын айтты.
"10 қазанда біз Герат провинциясына жеттік. Біз өзімізбен бірге толық жабдықталған Камаз, Газель және УАЗ көліктерін алдық. Халықаралық стандарттарға сай, біз автономды режимде өмір сүре алатындай құрғақ ас, су қоры мен шатыр алдық. Әуежайға келгеннен кейін бізді жергілікті билік қарсы алып, Наиброфи елдімекеніне бөлді. Бұл күрделі учаскелердің бірі болды, өйткені онда 700-ден астам үй болған және олардың барлығы қираған. Ол жерде шатырлар тігіліп, медициналық пункт орнатылды", - деді ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша РЖҚЖ басшысы, халықаралық деңгейдегі құтқарушы Владимир Цой.
Қазақстандық құтқарушылар көзбен көргендерін сипаттай отырып, Владимир Цой бұл кісілерді таң қалдырған жайттарға да тоқталды. Оның айтуынша, бір қарағанда құм арасынан табылмай қалатындай көрінетін сабан үйлер, керісінше жүздеген адамның панасына айналған.
Құтқарушыларға бұл орындарда арнайы техниканың қолданудың қажеті де болмаған, себебі ол бетон құрылыстарға арналған. Сондықтан жасақ апаттан опат болғандардың денелерін қолмен шығарып, аман қалғандарын іздеді.
"Біз мұндайды бірінші рет көрдік, сау қалған бір де бір үй болмады. Біз өзімізбен бірге алып келген гидравликалық және пневматикалық апаттық-құтқару құралдарының бізге пайдасы тимеді. Күрекпен, қайламен жұмыс істедік, бәрі қолмен тырмаланды", - деп жалғастырды сөзін Цой.
11 қазанда құтқарушылар 6,3 баллдық афтершокты сезген. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, құтқарушылар орналасқан орындарынан 10 шақырым жердегі Вояки мен Сияхабта қыстауларында құтқару жұмыстарын жалғастырды. Бұл жерде де елдімекеннің бәрі қиранды астында қалған, тек зардап шеккендер болмаған, өйткені алғашқы жер сілкінісінен кейін жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, көшеге шатырларға көшкен. Онда қазақстандық құтқарушылар зардап шеккен 10 адамға көмек көрсетті, олардың арасында әйелдер мен балалар да болды.
Ал келесі күні таңертең олар бастапқыда келген орнына оралып, ол жерде 5 жасар баланы үйінділердің астынан шығарып алған. Іздеу жұмыстарын құбылмалы ауа райы да қиындатты, күндіз ыстық, кешке суық, тіпті өлекселердің иісінің өзі кері әсер етті, себебі көптеген мал қырылған. Иттерге тек мәйіттерді іздеп қана қойған жоқ, олар тірі адамдарды да іздеуге үйретілген, бірақ төрт аяқтылар өздеріне артылған міндеттерін ойдағыдай атқарды, тыныс алмай жатқандарды да тапты. Олар мұны Түркияда іссапарда жүргенде үйренді.
Сонымен қатар, біздің құтқарушылар зардап шеккендерді іздеу үшін тағы 9 елдімекенді аралады. Ауған тұрғындарының шатырларын құлатып кететін шаңды дауыл да жұмысты қиындатты. Құтқарушылардың өздері де өздерімен бірге алып барған шатырларда тұрды.
Владимир Цойдың айтуынша, олар шетелдік іссапарларға барғанда, сол елге ауыртпалық салмайды, барлығын өздерімен бірге алып жүреді, керісінше, тіпті зардап шеккен провинциялардың тұрғындарымен суларын бөліскен. Ауғанстандағы жағдай тұрақсыз болғандықтан, қазақстандық құтқарушыларды пикаптарда қаруланған күзетпен жүрді. Бірақ жергілікті тұрғындар жылы шырай танытып, Қазақстаннан келген құтқарушыларға жақсы қараған.
Айта кетейік, Ауғанстанда Ираннан, Түркиядан, Түркіменстаннан құтқарушылар да жұмыс істеген. ҚР ТЖМ деректері бойынша, Ауғанстанда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан құтқарушыларының күшімен 83 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, үйлердің 211 фрагменті бөлшектелді, Наиброфи елдімекеніндегі қираған үйлердің барлық 700 учаскесі тексерілді.