Көкшетауда ақша талап етіп, бопсалаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
39 жастағы азамат танысынан 400 мың теңге талап еткені және бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық жасаймын деп қауіп төндіргені белгілі болды.

Күдіктіні ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері 31 қазан күні ұстады.  Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірнеше жыл бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны және ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Жеке тінту кезінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан ақша, суық қару, синтетикалық есірткіге ұқсас зат тәркіледі. Тыйым салынған заттың құрамы мен салмағын сараптама анықтайды.

"ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Одан әрі жедел және тергеу іс-шаралары болады. Тергеу кезеңінде күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді