Қазақстанда қанша оқушы қызылшамен ауырып жатыр

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева ОКҚ-да өткен брифингте мектептер мен балабақшалардағы қызылша жұқтыруға қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, бүгінде бұл аурумен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар жиі ауырады.

"Мектеп оқушыларының аурушаңдығына келсек, күзде қыркүйек-қазан айларынан бастап эпидемиологиялық үдеріске ұйымдасқан бригадалар тартылды. Мектепке дейінгі мекемелердің 1083-інде 1690 жағдай тіркелді, яғни мектепке дейінгі мекемелердің 13%-ында қызылша бар.  Жалпы бізде 7000-нан астам мектеп бар. Соның 20%-ында тіркелді, бұл дегеніміз 1444 мектепте 4836 ауру оқушы болды деген сөз".Нұршай Әзімбаева

Ол үйлер мен мекемелерде де тексеру жүргізіліп, профилактикалық екпе алмаған байланыста болғандар анықталып, олар қосымша иммундалып жатқанын айтты.

Бұл ретте Нұршай Әзімбаева балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмағанын, себебі қызылшаның вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекция екенін айтты. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде егілмегендер анықталып, оларға салынып жатыр.

Оның айтуынша, қазір республика бойынша қызылшаның 13 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

"100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 66,9. Көрсеткіштерді салыстырсақ, аурушаңдық көрсеткіші жоғары: Шымкентте - 2283, Алматыда - 2217, Жамбыл облысында - 1605, Ақтөбе облысында 1000-нан астам жағдай тіркелген".Нұршай Әзімбаева

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша ауруының еліміздің барлық өңірінде тарағанын хабарлаған. Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: