Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Латвиядан елге жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
Латвия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, күдікті 2016 жылы бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өзіне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін ол Латвия аумағында ұсталды".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды.


"Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді