Ақтаулықтар қирап тұрған үй құлап қала ма деп қорқады

Сурет: видеодан скриншот
Ақтауда су тасыған. Соның салдарынан үй қабырғасында жарықшақтар пайда болды. Енді тұрғындар үй құлап қалмай ма деп қорқып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтының мәліметінше, жертөледе ақау болып, ыстық су төрт күннен бері ағып жатыр.

"Екі жерден тек ыстық су ағып жатыр. Не шомыла алмаймыз, не киім-кешекті жууға жарамайды. Пәтерлердегі дымқыл қорқынышты. Қабырғалар көгеріп жатыр. Ал одан да сорақысы үйіміз апатты жағдайда тұр. Ыстық суға қатысты жағдай одан сайын арандата түсті "Жарықшақтар көбейіп кетті. Үйіміз құлап қала ма деп қорқамыз. Кімге хабарласарымызды білмейміз, тұрғын үй басқармасы жауап бермей жатыр", - деді тұрғындар.

Коммунал қызметкерлер жертөледе үйдің жылу құдығы жарылғанын айтты.

"Ақаулар бар, бірақ шектеулер жоқ", - деп сендірді коммунал қызметкерлер.

Жарылыс болған жерді анықтау үшін қазба жүргізілмек.

"Ал ауызсудың орнына ыстық су ағуы бөгеттен. Ауызсу мен техникалық су құбырлары бөлек болғандықтан, ыстық пен суық суды араластыру мүмкін емес", - деді коммунал қызметкерлер.
Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады