Жуалы ауданында елді мекендердің 85,7%-ы ауыз сумен, 91,8%-ы көгілдір отынмен қамтылған

Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны "тіршіліктің көзі деп" әспеттеп, тіпті "Қайғысыз қара суға да семіреді", "Судың да сұрауы бар" деген мақал-мәтелдерді өмірге әкелген. Тіршілік тізбегіне терең үңіліп қарайтын болсақ, бір жұтым судың да қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес.

Ауыз су мәселесінде ауыз толтырып айтар жаңалықтар да жетерлік.

Ауданда барлығы 49 елдімекен бар болса, бүгінгі күнге оның 42-сі ауызсумен толықтай қамтамасыз етіліп, қамту көрсеткеші - 85,7 пайызды құрап отыр. Одан бөлек, өңірде орталықтандырылған ауызсумен қамтылмаған Түктібай және Ақтөбе ауылдарына таза су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар 2024 жылы атқарылмақ.

Ал халық саны аз 5 елді мекенге Көктас, Қарасу, Амансай, Күркіреусу, Қазбастау, елді мекендеріне ағымды жөндеу КБМ орнату жұмыстары арқылы ауыз сумен қамтылатын болады.

Одан бөлек Б.Момышұлы, Көлбастау, Күреңбел, Қайрат, Бақалы ауылдарында ауыз су жүйесі ескіруіне байланысты қайта жаңғырту, құрылыс жұмыстары жоспарланған болаты. Бүгінгі күнге Қайрат, Бақалы елді мекендерінің ЖСҚ-сы әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім өткізілді.

Тұрмыстық игіліктің маңыздыларының бірі - табиғи газ екені белгілі. 2022 жылы Қошқарата ауылының кварталішілік газ тарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, аудан бойынша 45 елдімекен табиғи газбен қамтылып, қамту үлесі 91,8 пайызды құрады.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Ал магистралды газ тарту желілеріне мемлекеттік сараптамадан өткізілуде, және сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін шығару күтілуде. Жалпы жоспарға сәйкес 2025 жылы аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен және табиғи газбен толығымен қамтамасыз ету көзделуде.

Табиғи газ ең таза органикалық отын болғандықтан, ауданның елді мекендерін газдандыру жобасы экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға, зиянды қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқартуға ықпал етпек. Сонымен қатар, үй жылыту, тамақ дайындау және басқа да тұрмыстық қажеттіліктер үшін табиғи газды пайдалану тұтынушылардың шығындарын да едәуір азайтатыны анық.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: