Жаңалықтар тізбегі
0

"Қар аралас жаңбыр жауады". "ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты мәлімдеме жасады

Көктайғақ, Қазавтожол, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 20:47 Сурет: freepik
23 қазанда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қолайсыз ауа райына байланысты көлік тізгініндегі азаматтарға жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық оператордың мәліметінше, 2024 жылғы 24 қазанда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.


"Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылғы 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: