"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады

"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 14:43 Сурет: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның баспасөз қызмет таратқан мәліметтерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Оралда бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Осыған байланысты компанияжүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескерткен еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: