Полиция елордалық жүргізушілерге ескерту жасады

Полиция елордалық жүргізушілерге ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 13:57 Сурет: Zakon.kz
Астанада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция көлік жүргізушілеріне жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік арасындағы қашықтықты дұрыс сақтауды ескертті.

Сонымен қатар Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуға тиіс.

Астанада ауа температурасының төмендеуі әдетте ерте басталатынын ескерсек, шиналарды желтоқсан айына дейін ауыстырып үлгеру маңызды.


"Осыған байланысты полиция көлік иелеріне қысқы маусымға алдын ала дайындалуды және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: