"Майқайыңалтын" аумағындағы іздестіру-құтқаруға 132 адам жұмылды

Сурет: ҚР ТЖМ
Үйіндінің құлау шеттерінен топырақты сырғыту жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін ауыр инженерлік техниканы жұмылдыру мақсатында үйіндінің шеттерін мәжбүрлеп түсіру және жүретін жолдарды салу бойынша дайындық жасалып жатыр.


"Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, ЖАО, "Майқайыңалтын" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 132 адам және 29 техника жұмылған", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның кеңістігіне автобус құлаған еді. Онда "Майқайыңалтын" АҚ шахтасы алаңында түтін шыққаны туралы шақыруға шыққан КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының құтқарушылары болған. Автобуста барлығы 4 адам болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Шарджада қаза болған апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді – СІМ

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы қаулы шықты