16 жасқа дейінгі балалардың WhatsApp пен Telegram қолдануына шектеу қойыла ма

Социальные сети, социальная сеть, приложение, приложения, телефон, мобильный интернет, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 14:21 Фото: unsplash
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов 2026 жылғы 14 қазанда мерейтойлық AstanaMediaWeek форумында 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу бағытында қандай шаралар жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қанат Ысқақов Қазақстан билігі 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Алайда бұл WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлерге қатысты емес. Оларды еш кедергісіз пайдалануға болады", – деп сендірді вице-министр.

Ол пайдаланушының жеке басын анықтау процесінің күрделі екенін де айтты. Оның сөзінше, осыған байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту үшін цифрлық платформалармен бірлесіп, жасты анықтаудың бірыңғай алгоритмін әзірлеу жоспарланып отыр.

"Балалардың қауіпсіз цифрлық ортаны пайдалануы үшін ата-аналардың, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз маңызды деп санаймыз. Бұл шаралар тиімді болуы әрі балалардың білім беру материалдары мен басқа да маңызды контентке қол жеткізуін шектемеуі үшін бүкіл қоғаммен бірлесіп жұмыс істейміз. Мұны әріптестерімізбен ынтымақтаса отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз", – деп атап өтті Қанат Ысқақов.

2026 жылғы 24 қыркүйекте мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов тиісті заң жобасы Құрылтайдың қарауында екенін еске салған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: