Балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу: заң жобасы Парламентке қашан жетеді

Социальные сети, ватсап, WhatsApp, социальная сеть, приложение, приложения, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 13:28 Фото: unsplash
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов 2026 жылғы 6 ақпанда Сенаттың ақпарат алаңында Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде тіркелуіне толық тыйым салына ма, әлде тек қолжетімділік шектеле ме деген сұрақ қойды. Сондай-ақ енгізілетін шектеулер бұрыннан бар парақшаларға әсер ете ме деген мәселе де нақтыланды.

Вице-министрдің айтуынша, бұл талаптар бұрын тіркелген парақшаларға қолданылмайды. Шектеулер тек жаңа парақшалар ашу және оларды растау кезінде енгізілуі мүмкін.

"Бұл – өте маңызды мәселе. Қазір ол талқылау кезеңінде. Заң шығару жұмысы аясында бұл шаралар мемлекеттік органдармен бірге қарастырылып жатыр. Сондықтан оның нақты қалай жүзеге асырылатыны туралы айтуға әзірге ерте", – деді Евгений Кочетов.

Оның айтуынша, мұндай нормалар әлем елдерінде де кеңінен талқыланып жатыр. Мәселен, жуырда Дубайда өткен Дүниежүзілік үкіметтер саммитінде Испания премьер-министрі балаларға қатысты ақпараттық саясатты қайта қарау және шектеулер енгізу жоспары бар екенін мәлімдеген. Осындай бастамалар Францияның заң шығару органында да қарастырылуда. Бұған дейін Австралияда да ұқсас шектеулер талқыланған.

"Балалардың интернет кеңістігіндегі белсенділігін шектеу үрдісі айқын байқалады. Бұл бастама біздің заң жобалау жұмыстары жоспарына енгізілген. Жоспар бойынша, жыл соңына қарай бұл мәселе Парламентпен бірлесіп талқылана бастайды", – деп түйіндеді вице-министр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 27 қаңтарда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу ұсынысына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: