Өскеменде трамвай алдынан атып шыққан жеңіл көлікті түйреп, 10 метрге дейін сүйреген

Сурет: yk.kz
Өскеменде трамвай жеңіл көлікті қағып, жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан көшесі бойымен кетіп бара жатқан трамваймен параллель жүріп келе жатқан жеңіл көлік бір уақытта солға бұрылып, трамвайдың алдын кескен, деп жазады Yk.kz.

"Оны түйреген күйі трамвай 10 метрге дейін сүйреп, ақыры бағанға соғады. Көлік қатты бүлінген, жүргізушісі тірі, бірақ жарақаттары бар. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем көлігін шақырған. Автомобиль жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылғаны белгілі. Көлік компаниясындағылар жүргізушілердің трамвай жолына ытқып шығатын көліктер барына бұған дейін шағымданғанын жеткізді", делінген басылымның хабарламасында.

Жол апаты салдарынан қаладағы трамвай көліктері кестеден 35 минутқа кешігуге мәжбүр болған.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі