БҚО-дағы ҰБТ. Желідегі оқушылардың видеосы бүтін ауыл басшылығын дауға қалдырды

Әлеуметтік желіде ауыл оқушыларының видеосы қызу талқыланып жатыр. Балалар өміріндегі маңызды емтиханды тапсыру үшін қалаға трактордың тіркемесіне мініп баруға мәжбүр болған, өйткені айнала аймандай батпақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Даулы видеоны Instagram-дағы парақшасында журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады.

Автор аталған оқиғаның еліміздің батысындағы Мұратсай ауылында болғанын атап көрсетеді.

Видео сипаттамасында 11-сынып оқушыларының ҰБТ тапсыру үшін қалаға бара жатқандығы айтылады. Қала мен ауыл арасы 18 шақырымды құрайды екен.

Видео астына пікір қалдырғандар ауыл өмірінің жағдайына алаңдаушылық танытып, ал балаларды бұлайша тасымалдау қауіпті екенін жаппай ескертуде:

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 17 наурызда болғанын нақтылады.

Белгілі болғандай, балалар ақылы жолмен ҰБТ тапсыру үшін Оралға аттанған.

"Мой город" басылымы оқушылардың ата-аналары балаларды Сайхин – Өнеге - Орал тас жолына жеткізіп салу үшін жеке тұлғамен өз беттерімен келіскенін, алайда олар бұл туралы жергілікті әкімдікті де, полицейлерді де ескертуді ойламағанын жазады. 

"Қазіргі уақытта ауыл әкімдігін, мектеп басшылығын және техника иесін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Ауыл әкімінен, мектеп директорынан және учаскелік инспектордан түсініктеме алынды". БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл ретте ведомство жолдың жаман екендігін мойындады. Мердігер анықталғаннан кейін ол арада жол жөндеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: