Павлодар облысында су тасқынына байланысты жабылған республикалық маңыздағы тас жол ашылды

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жолдарға су жайылу жағдайының тоқтауы және су тасқынына қарсы жұмыстардың аяқталуына байланысты "Атамекен - Ертіс - Русская Поляна" тас жолында көлік құралдарының қозғалысына енгізілген шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақтоғай, Шарбақты, Тереңкөл аудандарына қарасты елдімекендердегі су тасқынына қарсы үш учаске әлі бақылауда екенін нақтылайды. Онда су тасқынына қарсы жұмыстар аяғына жетіп қалған. 

"Ақтоғай ауданындағы екі тұрғын үй су астында қалып отыр. Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 59 адам, 28 бірлік техника, 12 мотопомпалар жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары болып табылады". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі


Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өткен тәулікте 90 мың текше метрден астам еріген қар суц сорып алынды, 744 тонна инертті материал төгілді.

Айта кетсек, 9 сәуірде Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды