Атырауда су тасқыны тағы бір күтпеген мәселе туғызды

Сурет: Zakon.kz/Светлана Новак
Атыраудағы Жайық өзені сыни белгіден асып түсті. Шектік сызық 550 см болса, бүгінде өзеннің деңгейі 551 см болды. Алайда жағдай тек су басу қаупін ғана тудырып тұрған жоқ, өзімен бірге бірнеше мәселелерді алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға айтарлықтай күштер мен құралдар қатысуда. Олардың қатарында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының жеке құрамы бар. Инспекторлар басқа мемлекеттік органдармен, еріктілермен және қарапайым атыраулықтармен бірге тәулік бойы қала маңындағы қауіпті аудандарға құм салынған қаптармен су бөгеттерін тұрғызады. Олар негізгі жұмыстарды Индер, Махамбет аудандарында және облыс орталығында жүргізеді.

Сонымен қатар, олар Индер, Дамба және теңіз балық инспекциялары бөлімінің жүзу құралдарын беру арқылы Қызылқоға ауданындағы су тасқынына көмектесті.

Сурет: Zakon.kz/Светлана Новак

Бірақ үлкен сумен тағы бір қиындық бірге келді. Жайық өзені суда жүзіп жүрген ағаштарға толып кетті. Олар су бетінде кептеліс туғызып, өзеннің ашық көздерін жауып тастау қаупі бар. Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бұл мәселені де шешуге білек сыбана кірісіп кетті.

"Батыс Қазақстан облысы мен Индер ауданынан Жайық өзені арқылы Атырау қаласына құлаған ағаштар тасымалдануда, оларды инспекция қызметкерлері мүмкіндігінше қызметтік жүзу құралдарын пайдалана отырып,тазартып жатыр", - деп түсіндірді балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жайық- Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Айгерім Арынова.

Тасқын сулар барлық ағаштарды жайпап келеді. Олардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды