Ресейден келген қарғын суды Қамыс-Самар көлдеріне жібереді: онда соңғы 20 жыл бойы су бармаған

Сурет: pxhere
Ресейден келіп түскен 80 млн текше метр тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2024 жылғы 16 мамырдағы хабарламасына сәйкес, қарғын суды көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті "Қазсушар" филиалының мамандары жүргізуде.

Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі.

"Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады", – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, "Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады.

"Сондай - ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр", - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Айта кетейік, 15 мамырдағы ақпарат бойынша Жылыой ауданында 100-ден астам отбасы жылжымайтын мүлікті бағалау нәтижелерін алды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды