Сот 2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын анықтады.
"Сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қорғалатын объектілерге – Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция басылымына заңсыз кірді. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді",- делінген сот хабарламасында.
Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті.
Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын келтірген.
Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.
Жаза тағайындалды:
- Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
- Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), 8) тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды. Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) - тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды".
Үкім заңды күшіне енген жоқ.