Қостанай облысында екі жасөспірім қыз суға батып кетті

Сурет: telefakt.ru
Қайғылы оқиға Қостанай облысы, Федеров ауданы, Кенерал ауылында орын алды. Ересектердің қарауынсыз өзенге барған екі қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облыстық ТЖД мәліметінше, екі жасөспірім Үй өзеніне батып кеткен. Қайғылы оқиға бір күн бұрын Федоров ауданының Кенерал ауылында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз арнайы жабдықталмаған орында суға шомылған. Құтқарушылар су қоймасынан бір қыздың денесін алып шықты. Екінші жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда", делінген хабарламада.

14 маусымда Ақтөбеде үш адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олардың біреуі – мектеп түлегі, екеуі – студент.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті