Жаңалықтар тізбегі
0

"Біреуі – мектеп түлегі, екеуі – студент". Ақтөбеде үш адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға, Ақтөбе, суға бату, студент, мектеп түлегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 21:48 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде соңғы екі тәулікте үш адам суға батып кетті. Үш жағдайда да адамдар рұқсат етілмеген жерде шомылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ұлттық телеарнасының мәліметінше, 17 жастағы бозбаланың денесі Қарғалы өзенінен,1,5 метр тереңдіктен табылды. Оның шаһардағы мектептердің бірінің жоғарғы сынып оқушысы екені белгілі болды.

"Ал кеше бір мезетте тағы екі адам дәл осы өзенге батып кетті. Олардың екеуі де студент. Біріншісінің денесін құтқарушылар алып шықса, екіншісін ұзақ іздеуге тура келген. Оны еріктілер тауып алды", делінген хабарламада.

Құқық қорғаушылар күнделікті рейдтік шараларды күшейтіп жатыр.

Жағалауда үлкендердің қарауынсыз жүрген және арнайы орындардан тыс жерлерде шомылған балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: