"Біріне екеуі көмектеспек болған". ШҚО-да үш адам суға батып, көз жұмды

Суға бату, ШҚО, Марқакөл, үш адам, іздеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 18:29 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым қашықтықта 18 жастағы жігіт суға батып кетті.

"Оған 1991 және 1992 жылы туылған екі адам көмектесу үшін суға түскен, бірақ ағымға қарсы тұра алмаған олар да бақилық болды. Оқиға орнында және ШҚО ТЖ департаментінде жедел штабтар құрылды. 2007, 1991 және 1992 жылы туылған суға батқан адамдардың денелерін көп ұзамай құтқарушылар тапты. Іздеуге Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының құтқарушылары, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі қатысты", делінген ведомство хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына барлығы 176 адам,15 жүзу құралы, 3 ұшқышсызұшу аппараты, су астындағы дрон, 1 эхолот жұмылдырылды.

Бұған дейін 2025 жылы 9 маусымда Ақтауда екі оқушы бала суға батып, оның тек біреуін құтқарушылар аман алып қала алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: