ШҚО-да үш жасар қыз бала өзенге батып кетті

Суға бату, ШҚО, Ұлан өзені, үш жасар қыз бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 17:07 Сурет: freepik
Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз жүрген 2021 жылы туылған қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 2 маусымда Ұлан өзенінде болды.

"Бүгін Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде, алдын-ала болжам бойынша ата-анасының қарауынсыз болған 2021 жылы туылған бала суға батып кетті. ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмері арқылы хабар беріңіздер", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2 маусымда Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: