Астанада спортты дамытуға бөлінген 40 млн теңгеден астам қаражат ұрланғаны анықталды

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі астананың "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 шілдеде ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов баяндады.

"Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады".

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің екі лауазымды қызметкері пара алды және парақорлыққа делдалдық жасады деп айыпталды.

Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: