Жаңалықтар тізбегі
0

Капитан мен подполковник 50 мың теңге үшін погондарынан айырылды

Капитан мен подполковник 50 мың теңге үшін погондарынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2024 12:51 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің екі лауазымды қызметкері пара алды және парақорлыққа делдалдық жасады деп айыпталды. Істі Әулиекөл аудандық соты қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің кадр және тәрбие жұмысының бастығы Х. ТЖМ Академиясына түсу кезінде кандидаттардың әскери-дәрігерлік комиссияның (ӘДК) медициналық куәландырудан өтуінде қиындықтар туындағанын біледі.

"Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін Х. психофизиологиялық зертхананың бастығы, сарапшы-психологтан үміткерлерге психофизиологиялық тестілеуден өтуге көмектесуін сұрайды. Кейін үміткерлер тестілеуден өтті және ӘДК қорытындысына сәйкес оқуға түсуге жарамды деп танылды",- деп хабарлады Қостанай облыстық соты.

Осыдан кейін Х. Әулиекөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Е.-ге үміткерлердің ата-аналарымен кездесіп, олардан психофизиологиялық тестілеуден өтуге жәрдемдескені үшін 25 000 теңге көлемінде пара талап етуді тапсырды.

"Е. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін бұза отырып және парақорлықта делдал рөлін атқара отырып, кандидаттардың ата-аналарымен кездесіп, әрқайсысынан 25 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды. Кейіннен Е. жеке кездесу кезінде Х.-ға көрсетілген ақша қаражатын берді".Қостанай облыстық соты

Сотталушылар кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді.

Жасалған іс - әрекеттің жеке басын, сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән - жайларды ескере отырып, сот айыппұл түрінде жаза тағайындады: Х.-ға - параның отыз бес еселенген сомасы мөлшерінде - 1 750 000 теңге, Е.-ге - параның он бес еселенген сомасы мөлшерінде - 750 000 теңге.

Сондай-ақ сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.

ҚК-нің 49-бабына сәйкес Х.- азаматтық қорғау капитаны, Е. - азаматтық қорғау подполковнигі арнайы шендерінен айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: