Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында пара алған ТЖД қызметкерлеріне айыппұл салынды

Пара, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2022 13:50 Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қалалық соты пара алды деп айыпталған Қонаев қаласының ТЖБ және Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне, сондай-ақ пара бергені үшін казино қызметкеріне қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cотта құқық қорғау органының екі қызметкері өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін екеуінің бірі казино өкілдерімен ақшалай сыйақы үшін олардың қызметіне қолдау таныту бойынша келіссөздер жүргізуге келіскені айтылды.

2022 жылы 12 сәуірде Т.А. нақты пайда табу ниетімен әрекет ете отырып, "Золотое руно" ойын залына бет алды. Онда ол өзіне таныс ойын залының басшысына жолығып, оған Қонаев қаласының ТЖБ және Алматы облысының ТЖД тарапынан бір жыл бойы қолдау көрсетуді ұсынған. Атап айтқанда, өрт сөндіру қызметінің талаптарға сай-сай еместігі бойынша тексерумен мазаламас үшін, сондай-ақ бұзушылықтар анықталған жағдайда қауіпсіздік пен әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін 1 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы сұраған. Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі

Сотта атап көрсетілгендей, сотталушылар тағылған айыпты толықтай мойындады. Олардың кінәсі дәлелденді: сарапшылардың тұжырымдары, қатысушылардың, куәгерлердің айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері және басқа да объективті дәлелдер алға тартылды.

Нәтижесінде сот ТЖБ қызметкерін тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған 6 млн 745 мың 500 теңге көлемінде, яғни пара сомасының 15 еселенген мөлшерінде айыппұл салды.

ТЖД қызметкеріне параның 35 еселенген сомасы, яғни 47 млн 137 мың 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Казино қызметкеріне 15 есе пара сомасы, яғни 6 млн 745 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мүлкі тәркілеуге жатпайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: