Қостанайлық кәсіпкер пара беріп, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі бұзушылықты айналып өтпек болған
Фото: Zakon.kz
Қостанайда екі сотталушыға қатысты парақорлыққа делдалдық ету және пара беруге қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс Қостанай қаласының №2 сотында қаралды.
"2024 жылдың тамыз – қазан айларында Қостанай облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "А." ЖШС-де 38,77 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарды анықтады. М. ЖШС мүддесінде әрекет ете отырып, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына талаптарды қайтарып алу және жауапқа тартпау үшін 2 млн теңге ұсынды",- делінген ақпаратта.
Делдал ретінде лауазымды тұлғаға ақша беру кезінде Б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне ұсталды.
Сотталушылардың кінәсін мойындауына орай іс қысқартылған түрде қаралды. Сот кінәні жеңілдететін жағдайларға – кәмелетке толмаған балаларының болуын, өкінуін және тергеуге жәрдемдесулерін жатқызды.
Сот үкімімен сотталушы:
- Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 1 жыл 6 ай мерзімге,
- М.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 2 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, сотталушылардың екеуіне де мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript