Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 170 млн теңге пара алды деген күдікпен квазимемлекеттік компания басшысы сотталды

Пара, Астана, квазимемлекеттік компания, бас директор, 170 млн теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 18:33 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында делдал арқылы аса ірі мөлшерде пара алу және парақорлыққ бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта "Е" ЖШС-нің (мемлекеттің 100% қатысуымен) бас директоры, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті берілген адамға теңестірілген тұлға бола тұра, көп пәтерлі тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша аванс аударып және сметалық құнын түзеткені, сондай-ақ делдал арқылы ол өзге ЖШС-нің нақты иесінен пара ретінде аса ірі мөлшерде, жалпы сомасы 140 000 000 теңге және 68 000 АҚШ долларын (30 388 520 теңгеге пара-пар) алғаны анықталды.

Квазимемлекеттік компания директорынан бөлек, делал да сотқа тартылды.

"Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптама қорытындылармен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді", делінген сот хабарламасында.

ЖШС бас директоры өз кінәсін ішінара, ал делдал толықтай мойындады.

Сот үкімімен компания басшысы ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Делдал ҚР ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: