Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған блогер 7 жылға сотталды

Сот отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 19:57 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2023 жылы 4 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп айыпталған блогер ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот журналист Т-ның "YouTube" арнасында 2020 жылдың маусым айынан бастап ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтері бар бейнероликтер жариялағанын анықтады. 2023 жылы 7 желтоқсанда ЖШС заңгерінің барлық бейнероликті жою жөніндегі талаптарына ол қарсы талапты алға тартқан. Нақтылап айтқанда, блогер 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткен.


"Сотта Т-ның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, сыртқы және ішкі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалар, сараптама актілері, заттай дәлелдемелер арқылы дәлелденді", делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында прокурор Т-ға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап ақтауды сұрады.

"Алқабилердің қатысуымен қаралған сот үкімімен Т. аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушының жас балаларының бар болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ". Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: