Астанадағы тас жолдардың бірі жабылады

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 22-29 шілде аралығында Астанада Жұлдыз айналымынан "Garden Village" коттедж кентінің бұрылысына дейін Қарқаралы тас жолы бойынша учаске ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады, деп мәлімдеді "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ.

Аталмыш аймақтағы жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралды.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз". "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ

Оқи отырыңыз: Билік Жаңаөзеннен Түркіменстан шекарасына дейінгі автожолды жөндеуге уәде берді

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі