Билік Жаңаөзеннен Түркіменстан шекарасына дейінгі автожолды жөндеуге уәде берді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан елінің шекарасына дейін апаратын жол жөнделеді. Бұл туралы 21 шілдеде әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдіктің ақпаратынша, қазір жалпы ұзындығы 229 шақырымды құрайтын "Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" автожолын жөндеу мәселесі пысықталуда.
"Бұл Кендірлі курорттық кентінің және Маңғыстау облысының туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етпек. Құрылыс жұмысы жоспарымен Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев бөлісті.Қазіргі уақытта бұл жол IV техникалық санатқа жатады",- делінген ақпаратта.
Мұнда жөндеу жұмыстары аясында жол конструкциясын нығайту және жол жабынын жаңарту көзделген.
Сондай-ақ, еліміздің батыс өңірінде бірден екі жол қолданысқа берілмек. Атап айтсақ, Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларын қосатын жолдың қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнымен қоса, биыл "Атырау-Астрахан" күре жолы қолданысқа беру жоспарда. Атылмыш жолды көлікпен 2,5-3 сағатта жүріп өтуге болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript