Алматы облысында жыл соңына дейін туристік нысандарға апаратын жолдар жөнеледі
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылға дейін Алматы облысының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы бүгін, 6 қыркүйекте ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандары арқылы өтетін республикалық маңызға ие 145 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Учаскелердің бір бөлігін биыл аяқтау жоспарланып отыр.
"Алматы облысына іс-сапар аясында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев белгілі туристік орындарға, соның ішінде Шарын каньонына, Қайыңды және Көлсай көлдеріне, сондай-ақ, өңірдің шалғай аудандарына апаратын автомобиль жолдарын аралады. Сапар барысында Жалаңаш, Кеген және Нарынқол ауылдары арқылы өтетін жалпы ұзындығы 150 шақырымнан астам учаскелер қаралды". ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Райымбек ауданындағы Текес және Нарынкөл ауылдары арасындағы 15 шақырымды құрайтын "Кеген – Нарынкөл" республикалық жол учаскесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарына инспекция жүргізілді.
"Аталған жұмыстар Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыратын ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жоғарыда тілге тиек етілген учаскені биыл жыл соңына дейін ашу межеленген. Жалпы, осы бағдарламаның шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында 145 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жоспарланған",- делінген ведомство хабарламасында.
Атап айтқанда, "Кеген — Нарынқол" жолы — 89 шақырым, "Көкпек — Жалаңаш" жолы — 21 шақырым, "Көкпек – Кеген – Түп" жолы — 35 шақырым.
Бұған дейін Алматыда қыркүйек айының ортасына дейін қандай жолдар жабық болатындығы хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript