Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш облысын байланыстыратын трассаның қолданысқа берілу кезеңі белгілі болды

Қазақстанның үш облысын байланыстыратын трассаның қолданысқа берілу кезеңі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 11:18 Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі 2024 жылғы 25 маусымда мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" автожол нысаны туралы айтып отырғанын нақтылады.

"Аталмыш жолдың құрылыс барысы Мемлекет басшысының ерекше назарында.Жол еліміздің үш өңірін Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады".ҚР Көлік министрлігі

Жолдағы құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды.

Қазақстанның үш облысын байланыстыратын трассаның қолданысқа берілу кезеңі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 11:18

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Министрліктің ақпаратынша, жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.

Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: