Қазақстанның үш облысында республикалық трассаларды су шайып кетті

"Қазавтожол" АҚ ресми ақпаратына сай, 2024 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар 3 облыстағы автомобиль жолдарында 6 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды,- деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық компания мұның себебі күннің күрт жылынып, қардың қарқынды еруінен деп түсіндірді.
"Республикалық маңызы бар 3 облыстағы (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесін су шайып кетті. Сонымен қатар, 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.""Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript