Алматы облысында Есік көліне апаратын жол екі айға жабылды

Есік көлі, Алматы облысы, шектеу шаралары, жол, жабу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 23:05 Сурет: wikimedia
Алматы облысында Есік көліне апаратын жол наурыз айының соңына дейін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қар көшкіні мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 27 қаңтарынан 31 наурызына дейін ұлттық саябаққа келушілердің барлығына бақылау-өткізу бекеті арқылы Есік көліне баруға тыйым салынады",  делінген Іле-Алатауы ұлттық саябағы әкімшілігінің хабарламасында.

Ұлттық парк, Түрген орманшылығының бақылау-өткізу бекеті арқылы "Түрген – Обсерваториясы" бағыты бойынша ұлттық парктің келушілері мен демалушыларының жаяу және жеңіл, жүк, жолаушы көліктерінің өтуіне таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін рұқсат. Кешкі сағат 18: 00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін өтуге тыйым салынады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: