Алакөлдегі оқиға: Көлік министрлігінің басшысы түсініктеме берді

Көлік министрлігі туристерге қызмет көрсететін барлық әуе кемелерін тексеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы 2024 жылғы 30 шілдеде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеунік Қазақстан бойынша АН-2 ұшағының 263 бірлігі бар екенін айтты.

"Бұл ретте, олардың ішінде тек 94-і ұшуғы жарамды. Дегенмен, ұшақтық жарамдылық сертификаты болмаса да, ұшулар жасалып жүрген бұзушылықтар бар. Мысалы, Алакөлдегі дельтаплан тәрізді", - деді министр.

Оның айтуынша, барлық фактілер бойынша қосымша тексеру жүргізіледі.

"Бұл АН-2 мен дельтапланға қатысты. Әрбір ұшу аппаратының белгілі бір мерзімге ұшуға рұқсаты бар, яғни бір жылға немесе үш жыл ішінде ұшуға жарамдылық сертификатын алады. Дегенмен, бұл әуе көлігінің сертивикаты болмаған. Осыған байланысты Министрлік дельтапландар сияқты барлық әуе кемелері мен ұшу аппараттарын, оның ішінде АН-2 ұшақтарын кешенді тексеру туралы шешім қабылдады", – деді Қарабаев.

2024 жылғы 25 шілдеде Алакөлде әуе кемесі құлаған болатын. Одан екі адам зардап шегіп, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: