Қазақстандықтарға мерзімі өткен анестезия препараттары енгізілген

Фото: primeminister.kz
Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы 30 шілдеде Абай облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.

"Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған". Абай облысының прокуратурасы

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Ал, наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды