Елдос Сметовке тағы бір көліктің кілті табысталды

Сурет: gov.kz
XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов 8 тамызда туған жері Т. Рысқұлов ауданына ат басын бұрып, жерлестерінің зор құрметі мен қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратынша, аудан жұртшылығы спорт саңлағын Құлан ауылының батыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды. Қонақтардың құрметіне ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ұлттық нақышта киінген қыздар дәм ұсынды. М. Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары құландықтардың әнұранына айналған — "Келші, Құланға" әнін әуелете шырқады.

"Олимпиада чемпионын қарсы алу рәсімі көліктердің салтанатты шеруіне ұласты. Ауылдың атқа мінген жастары бұл бастаманың ортасынан табылып, шерудің ажарын ашты. Мерекелік кеш ауданның орталық алаңында жалғасты. Мұнда 2 мыңнан астам аудан тұрғыны Елдос Сметовті ыстық ықылас, зор қуанышпен күтіп алды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, салтанатты шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз сөйледі. Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметовке жерлестерінің атынан автокөлік мінгізіп (Haval М6), спортшының ата-анасы мен жеке бапкеріне құрмет көрсетті.

Бұған дейін олимпиаданың алтын жүлдегері Сметовке және оның жеке жаттықтырушысына пәтер мен автокөлік кілттері табысталған болатын.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды