Рудныйда жеті жасар бала мерт болды

Сурет: akorda.kz
Рудныйда тереңдігі үш метр шұңқырда жүрген жеті жасар баланы топырақ басып қалып, мерт етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Город" жергілікті порталы хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 тамызда қалада суық сумен жабдықтау құбырларын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта орын алған.

БАҚ-тың хабарлауынша, топырақ опырылған кезде бала шұңқырда ойнап жүрген. Шұңқырдың бойында қоршаулар, ал мердігер ұйымның жұмысшылары оқыс жағдай болған кезде жұмыс орнында болмаған.

Баланың денесін топырақ астынан Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары алып шыққан.

Полиция құрылыс қызметі саласындағы ережелерді бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері процессуалдық шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады. Іс Қостанай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетсек, Теміртаудағы металлургия комбинатында екі адам қаза тапты.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады