Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға, Теміртау, Qarmet металлургиялық комбинаты, екі адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 13:20 Сурет: Zakon.kz
Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы қаза тапты. Екеуі де биіктен құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлады", деп хабарлады "Qarmet" АҚ баспасөз қызметі.

2005 жылы туған Д. Иманғалиев пен 1986 жылы туған Ю. Самойлов биіктен құлап, алған ауыр жарақаттары салдарынан жан тапсырды, деп жазады "Қазақпарат".

Компаниядағылар трагедияның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын да нақтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: