Теміртауда ЖЭС-2 қазандығын жөндеу кезінде жұмысшы қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
Теміртауда ЖЭС-2 қазандығында монтаждау жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты. Ол биіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 2022 жылғы 16 маусымда ЖЭС-2-нің №7 қазандығында монтаждау жұмыстары кезінде адам өліміне әкелген апат болды. 1986 жылы туған қызметкер биіктен құлап, алған жарақаттарынан мерт болды. «AB Construction» ЖШС баспасөз қызметі
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript